Басты
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Патологоанатомия бюро» МКК
1989 жылы қаңтар айында ССРО ДСМ 11.03.1988ж. №203 «Патологоанатомия бюросын ұйымдастыру туралы» бұйрығына сай Целиноград облысының клиникалық ауруханасының базасында орталықтандырылған патологоанатомиялық бөлімшесі Целиноград облыстық патологоанатомия бюросы болып құрылды.(облыстық денсаулық сақтау бөлімінің 29.12.1988ж. №179 бұйрығы).
1999ж маусым айына дейін бюро облыстық мәртебеге ие болған, кейін облыстық орталықты Көкшетау қаласына көшіруге байланысты «Астана қ. Денсаулық сақтау басқармасының Патологоанатомия бюросы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып тіркелді. Астана қаласының Әкімдігінің 2010 жылғы 01 шілдесінде бекітілген "Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорындарын қайта құру туралы"" № 18 - 598п қаулысының негізінде «Патологоанатомия бюросы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны «Патологоанатомия бюросы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК болып қайтып тіркелді.