породы собак

Бюрода 3 бөлім бар:

1. Жалпы патология бөлімі қаланың стационарларында қайтыс болған ересектерге патологоанатомиялық ашылым жүргізеді, стационарларда №1ҚА, №2ҚА, ҚазТОҒЗИ, ҚЖА, ҚТҚД, ПДММО, МӘСО клиникалық-патологоанатомиялық конференциялар өткізеді; Астана қ. МҰ операциялық-биопсия материалдарына патоморфологиялық зерттеу жүргізуді қамтамасыз етеді. Бөлім меңгерушісі Гүлнар Нүриденқызы Асанова; жоғары санатты  дәрігер, мед.ғыл.кандидаты, тәуелсіз аккредиттеу қызметшісі.

2. Балалар патологиясы бөлімі қайтыс болған балаларға, кеш түсіктерге, өлі туылғандарға патологоанатомиялық ашылым жүргізеді, стационарларда ПО, №1ПҮ, №3ПҮ,  ҚЖБА, №1ҚБА,  №2 ҚБА клиникалық-патологоанатомиялық конференциялар өткізеді; Астана қ. МҰ операциялық-биопсия материалдарына патоморфологиялық зерттеу жүргізуді қамтамасыз етеді. Бөлім меңгерушісі  Валентина Александровна Хохлова; жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау үздігі,тәуелсіз аккредиттеу қызметшісі.

3. Ұйымдастыру-кеңес беру бөлімі, стеклопрепараттар, блоктар мұрағаты және медициналық құжаттарға кеңестік көмек көрсетеді, қала емханаларына және ұйымдастыру-кеңес беру бөлімі бөлім ішінде кеңес береді. Бөлім меңгерушісі Ольга Викторовна Коос; жоғары санатты дәрігер.

«Патологоанатомия бюросы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК Астана қаласы жұмысында қазіргі замаңғы құралдарды үнемді және тиімді пайдаланады, медициналық технологияны, жаңа диагностикалық әдістер мен шараларды кеңінен қолданады.

Медициналық персоналдың жоғары біліктілік деңгейі, жұмысты ұтымды ұйымдастыруды, құрылымның қарқынды жұмыс тәртібін қамтамасыз етіп, операциялық-биопсия материалын зерттеу мерзімі 2-3 күнге дейін қысқартылды.

Бюроның құрылымдық бөлімі «Карл Цейс», «Nikon» аппаратурасымен, тіндерге каруселдік типтегі гистологиялық өңдеу жасайтын ротациондық микротомдар, тіндерді құятын «Микром» фирмасының станцияларымен және автоматтандырылған көпсалалы гистологиялық препараттарды бояйтын жүйесі бар, "Lecia"  компьютерлік морфологиялық талдаушысы бар микроскоппен жабдықталған.

Бюро құрамында 11 дәрігер бар, оның ішінде 5 жоғары санатты, 1 бірінші санатты, 2 жоғары санатты дәрігер Астана қ. ДСБ штаттан тыс бас мамандары,  2  дәрігер тәуелсіз аккредиттеу қызметшілері, 16 зертханашы-гистологтың, оның ішінде 2 бірінші санатты, 2 екінші санатты біліктілігі бар.

шаблоны joomla бесплатно

 

Бюро директорының блогы

Ко Анатолий Яковлевич 

Жазу

ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ

Бірыңғай медициналық ақпараттық CALL-орталығы!

1.png2.png3.png4.png5.png6.png7.png

Контакты

  • г. Астана,ул. І. Жансүгірұлы 1

  • 8 (7172) 54 75 23
    8 (7172) 54 76 08
  • This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сызбанұсқа